☝ Ораза туралы хадистер
Әбу Һурайрадан رضي اللَّه عنه жеткен хадисте Аллаһтың елшісі (ﷺ) айтады:
"Кім Рамаданда иманмен және сауап үмітімен ораза ұстаса, өткен күнәлары кешіріледі. Кім Рамаданда иманмен, сауап үмітімен түнгі намазға тұрса, өткен күнәләрі кешіріледі және кім Қадір түнін иманмен, сауап үмітімен өткізсе өткен күнәлары кешіріледі."
Бухари, (38) Муслим, (760)
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте رضي اللَّه عنه Аллаһ елшісі (ﷺ) былай деген:
"Ораза ұстаушының екі қуанышы бар. Бірі – ауыз ашқан кезінде, екіншісі – Раббысына жолыққан кезінде. Ораза ұстаушының аузынан шыққан иіс Аллаһтың алдында жұпар иісті мисктің иісінен артық".
Бухари және Муслим.
Әбу hурайрадан رضي اللَّه عنه жеткен хадисте Аллаһ елшісі (ﷺ) былай деді:
“Рамазан келгенде жәннаттың есiгi ашылып, тозақ есiгi жабылады, шайтандар кiсенделедi.”
Бухари (3277), Муслим (1079).
Әбу Һурайрадан رضي اللَّه عنه жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:
“Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкiм кiрмейдi. Қиямет күнi: “Ораза ұстағандар қайда?”, – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кiредi. Олар кiрiп болған соң ол жабылып, одан басқа ешкiм кiрмейдi."
Бухари және Муслим.