Мұсылманның білуге тиіс сөздері 1. «Биссмилләһ!» -  «Алланың атымен бастаймын», осылайша әрбір ісімізді Алланың атымен бастаймыз. 2. «Әссәләму алейкум уә рахматуллахи уә баракатух» -  «Алланың сәлемі, есендігі, тыныштығы мен рахметі болсын». Мұсылманның мұсылманға сәлем беруі. 3. «Аллаһу Акбар» -  «Алла Ұлық» - Алланың ұлықтығын ұлықтайтын жақсы жаңалық болғанда немесе жамандық, қиындыққа ұшыраған сәтте де, мұсылман қауымы осы бір сөзді айтады. 4. «Субханналаһ» -  «Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады. 5. «Әлхамдулилләһ» -  «Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру. 6. «Ма ша Аллаһ» –  «Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады. Қазақтың  «Бәрекелді» дегеніне  мағыналас сөз. 7.«Ин ша Аллаһ» – «Алла қаласа». Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады. 8. «Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил».  – «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші». Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады. 9. «Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим».-  «Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» - деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады. 10. «Астағфируллаһ» – «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады. 11. «Аллаху Мустаан» -  «Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады. 12. «Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун» -  «Бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады. 13. «Әмин» –  «Дұғамызды қабыл ете гөр» 14. «Баракаллаху фика» – «Алла Тағаланың разылығы болсын!» – рахмет айту ниетімен қолданылады. 15.«Саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм» –  «Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын». Мұхаммед Пайғамбардың есімі жазылған, естіген кезде айтылады. Mazhab.kz

Теги других блогов: мұсылман сөздер білу